«Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл. Мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай мектебімізде 9-10 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Жошы ұлысының тарихын сараптауда оның қазақ тарихындағы маңызы мен қалыптасу кезеңіне қатысты қолжазба деректер мен археологиялық материалдарға сүйеніп, сонымен қатар Ұлыс мәдениеті кейінгі Қазақ хандығының әдебиетіне, мәдениетіне, тарихына қалай әсер еткенін ғылыми-сараптамалық тұрғыдан пайымдау қажет. Осы сұрақтарға салиқалы түрде жауап беріп, зерттеулер жасау аса маңызды. Әсіресе орта ғасыр тарихшылары жазып кеткендей, еліміздің шығысындағы Қойлық қаласынан ірге тартып, батысы Астраханға дейінгі ұлан-ғайыр аумаққа билік жүргізген Жошы ұлысының этносаяси, этногенетикалық тұрғыдан зерттелуі де маңызды. Осы зерттеулер арқылы біз Қазақ хандығының мемлекеттік тарихын толықтыра аламыз. Мектебіміздің оқушылары төмендегідей тақырыпта өз баяндамаларын ұсынды: Тынышбаева А- «Жошы ұлысының 800 жылдығы және Жошы хан кесенесі» Нургожина Ж- «Жошы ханнан бүгінге дейінгі шежіре» Көбейсінова З — «Жошы ұлысы — мемлекеттілігіміздің негізі» Даулеткалиева А- «Ақ Орда және Қазақ хандығының сабақтастығы» Әділқос А – «Айбарлы Бату хан» Үмбетияр М –«Жошы ұлысының аумағы және ондағы қазіргі мемлекеттер» #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы @medetbekovameruert @oqu_agartu_ministrligi @gani.beisembayev @aqtobe_bilim_basqarmasy
Ақтөбе қаласы “№37 орта мектебі” КММ-де 14 ақпан “Адал ұрпақ”, “Жеткіншектің жеті жарғысы” жобасы аясында жоспарға сәйкес Сыр сүлейлерінің сарқытындай, бүгінгі күннің нағыз серісі, әнші, композитор, айтыскер ақын Сүлейменов Шынберген ағамыз бен мектебіміздің түлегі, Абай, Мағжан, Мұқағали оқуларының қалалық, облыстық, республикалық кезеңінің жүлдегері, ақын Байқара Ержан Шынбергенұлымен “Жүрек жарды жырлар үшін мың алғыс” тақырыбында кездесу кеші өтті. Кешті ұйымдастырған клуб жетекшілері А.Куатжанова, А.Абдулова. Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын ояту, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. @shynbergensuleimenov @e.shynbergenuly
15.02.2024ж күні қоғамдық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында 5”Б” сыныбында Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесінен «Құпия кеңес» бөлімі тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар өтілген бөлімдерді суреттер арқылы еске түсірді, 25, 27-тарауларының мазмұнын топта оқып, түсіне отырып кестемен жұптасып жұмыс жасады. Сабақты бекіту Plickers сайтына тест түрінде жазылып, жауаптары штрих код арқылы тексерілді. Пән мұғалімі К.Қ.Алмағанбетова
12.02.2024ж күні Қоғамдық пәндер бірлестігінің онкүндігі ашылуы ұйымдастырылды. Бірлестік мүшелері ертеңгілік қарсы алуды өткізді. Таңғы көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі қызықты ойындар өткізіп, оқушылар мен мұғалімдерге белсенділік танытқаны үшін ыстық бауырсақ пен тәттілер үлестірілді. #қоғамдықпәндербірлестігініңонкүндігі