31.01.2024 күні мектебімізде шет тілдер әдістемелік бірлестігі онкүндігінің аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Сабетова А.О 9“Ә” сыныбында “Which English do you speak?” тақырыбында ашық сабағы өтті. Ашық сабақта оқушылар белсенділік танытты, оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында Joyteka.com, Wordwall технологиялары тиімді қолданды. Сонымен қатар топтық жұмыс барысында 3.3.2, танграм әдістерін оқушылар қызығушылықпен орындады.
30.01.2024ж күні Аманғали Іңкәр Шоқанқызының ағылшын тілі пәнінен 5”А” сыныбында “Arthur Conan Doyle’s biography” тақырыбында ашық сабағы өтті . Ашық сабақ кезінде “Lesson study” зерттеу тәсілі және SAMR технологиясы арқылы өткізілді.
Ағымдағы жылдың 29.01 — 09.02.24 аралығында мектебімізде шет тілдер әдістемелік бірлестігінің “Шет тілі үйрену арқылы әлемді таны!” тақырыбындағы онкүндік бастау алды. Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын шет тілдер арқылы дамыту. Онкүндіктің ашылу салтанатында мектеп директоры А.С.Назиков оқушыларға “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте”- дей келе, көп тілді білу заман талабы екенін айтып өтті. Онкүндіктің ашылу барысында 3 — 7 сынып оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлең оқып, ән айтып, би биледі. 3 — сынып оқушылары ағылшын тілінде мысық пен тышқан рөлдеріндегі қойылым қойды. Оқушылар өте белсенділікпен қатысып, қызығушылық танытты. #шеттілдербірлестігі