Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

29.01.2024ж күні Ақтөбе қаласы, №37 орта мектебінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасының 9 айға 9 іс-шара жобасы бойынша 11 сыныптарға академик Асқар Жұмаділдаев ұсынған есептерден “Қазақ есебі” челленджі өткізілді. #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы #яматематик #математикаижизнь #есепшығару #креативноемышление @medetbekovameruert @oqu_agartu_ministrligi @gani.beisembayev @aqtobe_bilim_basqarmasy Мақсаты: оқушылардың креативті және сыни ойлауын дамыту.

 

19.01.2024ж күні Н.А.Нұрбекованың математика пәнінен 5 “Ә” сыныбында “Ондық бөлшек. Ондық бөлшектің оқылуы және жазылуы” тақырыбында ашық сабағы өтті. Сабақ барысында оқулықпен жұмыс жасалып, “Plickers”, “WordWall”, “Spinner Wheel” платформасымен тапсырмалар орындау жүргізілді.

 

 


25.01.2024ж күні Г.Қ.Алдашеваның жаратылыстану пәнінен 5 “Ә”сыныбында “Тірі табиғаттағы үдерістер” тақырыбында ашық сабағы өтті. Мақсаты: Микроскоптың құрылысымен танысу және уақытша микропрепарат дайындау. Сабақ барысында оқушыларға микроскоптың құрылысы таныстырылып, уақытша микропрепарат дайындалды. Микроскоппен микропрепарат қарау және “WordWall”, платформасымен тапсырмалар орындау жүргізілді. Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап,сабақ өз мақсатына жетті.

24.01.2024ж күні А.Б.Тұрлыбайдың биология пәнінен 11 “А” сыныбында “Грам оң және грам теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері. Өкілдері” тақырыбында ашық сабағы өтті. Сабақ барысында модельдеу жұмыстары, микроскоппен микропрепарат қарау және “Baamboozle”, “Nearpod”, “Mozaweb. com” платформасымен тапсырмалар орындау жүргізілді.

 

23.01.2024ж “Ғаламшардан ғаламторға дейін танытқан пәндер” атты жаратылыстану пәндері онкүндігінің жоспарына сәйкес мектеп оқушыларына “Жаратылыстану ғылымдарына саяхат” атты демонстрациялық көрсетілім жүргізілді.

22.01.2024ж күні «Ғаламшардан ғаламторға дейін танытқан пәндер» атты жаратылыстану пәндері бірлестігінің онкүндігінің жоспарына сәйкес мектеп мұғалімдеріне «Жаратылыстану пәндері сабақтарында оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану»тақырыбында коучинг өтті. Коучинг барысында химия пәнінің мұғалімі Кенжебаева Ботагоз «Cast lots.org», «Ru.randraw.com», «Studio.D-ID.сom»платформалары және «Танграм»әдісімен, математика пәнінің мұғалімі Калменова Нуржихан «Educaplay.com», «Magicsсhool.ai»платформалармен, математика пәнінің мұғалімі Жалмұханова Лаура «Wordwool» басқа мүмкіндіктері және «Joyteka» платформалармен бөлісті.

18.01.2024 ж. күні Б.К.Байжанованың физика пәнінен 9 “А” сыныбында «Импульстің сақталу заңына есептер шығару» тақырыбында ашық сабағы өтті. Мақсаты : Импульстің сақталу заңын есептер шығаруда қолдану

15.01.2024күні «Ғаламшардан ғаламторға дейін танытқан пәндер» атты жаратылыстану пәндері бірлестігінің онкүндігінің ашылуы өтті

2024 жылдың 17 қаңтар күні қалалық «Әдістемелік кабинет» жоспарына сай №37 орта мектебінде «Кәсіби құзыреттілік: ізденіс, тәжірибе, шеберлік» тақырыбында математика, информатика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өткізілді. Мақсаты: мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру арқылы оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді пайдалануына ықпал жасау. Семинарға қалалық «Әдістемелік кабинет» әдіскері Н.А.Қолғанатова және қала мектептерінен 14 мұғалім қатысты. Мектеп директоры А.С.Назиков пен Әдістемелік кабинет» әдіскері Н.А.Қолғанатова семинарды ашып, сәттілік тіледі. Семинар барысында математика пәні мұғалімі Н.Мұқашева «Пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды қолдану» тақырыбында коучинг, математика пәні мұғалімі Л.Жалмұханова «Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадратының формулалары» атты ашық сабақ, информатика пәні мұғалімі А.Сарсембаева «Тіл алфавиті. Синтаксис» тақырыбында ашық сабақ, математика пәні мұғалімі Н.Калменова «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу» ашық сабағы, информатика пәні мұғалімі В.Тлеулина «HTML тілі құжатында графиканы қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мектеп психологы «Бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлай білейік» тренингін жүргізді. Семинар соңында келген әріптестер семинардан алған әсерлерін “SWOT” талдау рефлексиясы арқылы бөлісті. @metodcabinet_aktobe @obrazovanie_gorod_aktobe

2023 жылдың 01 қараша күні қалалық «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес № 37 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Б.А.Кенжебаеваның педагогикалық шеберхана отырысының жалғасы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінде өтті.
«Оқыту үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жолдары» тақырыбындағы педагогикалық шеберхана мақсаты — химия пәнінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыруда алған білімдерін практика жүзінде қолдануға үйрету.
Аталған педагогикалық шеберханаға «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері А.Садықова мен қала мектептерінен мүше болған химия пәні мұғалімдері қатысты. «Мұғалім бейнесі» тренингінен кейін № 1 ЖОББМ химия пәні мұғалімі С.С.Хасенова “WHITEBOARD.FIV” онлайн тақтасы және «GIMKIT» тапсырмаларды орындау платформасын тиімді қолдану», №5 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Ж.Т.Танбаева «Baamboozle» 3D платформасы.«Nearpod.com» онлайн презентация дайындау» тәжірибесімен бөлісті. Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Г.М.Жамалова «SWOT» арқылы рефлексия бөлімін жүргізіп, шеберхана мүшелері алған әсерлерін ортаға салды.