Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

14 маусым күні Ақтөбе облысының құрама командасы Х «Айбын-2024» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына аттанды. Биылғы жылы Х «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны, халықаралық мәртебесіне ие болды.

Сонымен қатар, Х халықаралық «Айбын» әскери патриоттық жастар жиыны Кеңес Одағының Батыры, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Қорғаныс Министрі, Тұңғыш Армия Генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналып, Алматы қаласындағы «Әли» оқу-жаттығу полигонында өткізіледі.

Жиынның мақсаты — жастардың Отанға деген құрметін, Қарулы Күштердің мәртебесін арттырып, олардың спорттық қабілеттерін дамыту және шығармашылығын шыңдау болып табылады.
Аталған халықаралық дәрежедегі додаға Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның және РФ командалары қатысады.

Ақтөбе облысының құрама командасына Ақтөбе қаласының Ғ.Ақтаев атындағы №6 ОМГ, №10 ОМ, Х.Доспанова атындағы №14 ОМ, №17 ОМГ, М.Әлімбаев атындағы №25 ОМ, №37 ОМ, №46 ОМ, №51 МГ, №55 ОМ, М.Мақатаев атындағы №73 ОМ оқушылары және Алға ауданы, Байғанин ауданының оқушылары енгізілді.
Ақтөбе облысының командасына халықаралық жарыста сәттілік тілейміз!!!