30 мамыр күні «Төрт тоқсан-төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында төртінші тоқсан «Туған өлкені тану » бағдарламасы бойынша балалар-жасөспірімдер туризмі мен өлкетануды дамыту, балалар мен жастарды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына баулу мақсатында «Туған өлкем» фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль аясында 2-3 сынып оқушылары Қобда ауданы «Әлия» ауылына Әлия Молдағұлова атындағы «Әлия» патриоттық тәрбие орталығында орналасқан Шығыстың батыр қызы Әлия апамыздың мұражайына экскурсияға апарылды. Экскурсия соңында қазақ халқының батыр қызы туған жердің табиғатына саяхат жасалды. «Туған өлкем» фестивалі – туған өлкенің тарихы мен мәдениетімен таныстыру.
«Туған өлкем» фестивалі – бұл туристік маршруттар кластеріне енгізілуі мүмкін туған өлкенің әдемі және ішкі жерлерін насихаттау.
«Туған өлкем» фестивалінің мақсаты — оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын дамыту, отансүйгіштік пен азаматтық сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, туған өлкені зерделеу арқылы туристік-өлкетану қызметін жандандыру.
«Туған өлкем» фестивалінің міндеттері:
1) балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасымен таныстыру, Кіші Отанды зерттеу;
2) республиканың үздік балалар экспедициялық жасақтарын анықтау;
3) дәстүрлі сақтау және жетілдіру, туристік-өлкетану жұмысының инновациялық нысандары мен әдістерін танымал ету;
4) өз өлкесінде туризм мен өлкетануды дамыту идеяларын іске асыру бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды әзірлеуге және өз бастамасын көрсетуге ынталандыру;
5) туған өлкенің тарихын, оның көрікті жерлерін насихаттау бойынша идеялармен алмасу үшін орта құру.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
@medetbekovameruert
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@aqtobe_bilim_basqarmasy