Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
2024 жылдың 11 сәуір күні “№37 орта мектебі” КММ-де қамқоршылық кеңес төрағасы-Б.Б.Суендыковтың басшылығымен “Қаржылық ресурстарды пайдаланудың нақты есептері мен қаржылық жоспарлау бағыттары және 2024 жылға бағытталған мақсат пен міндет” тақырыбында қамқоршылық кеңес отырысы өткізілді. Қамқоршылық кеңеске М.Буркитова, К.Комарова, А.Жаветова, М.Аққуанова сияқты мүшелері қатысып, атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, оң бағаларын берді.  Күн тәртібінде мектеп директоры -А.С.Назиков өз баяндамасында 2023 жылғы білім беру ұйымының оқу тәрбие талдауымен таныстырып, өткен жылғы жетістіктер мен материалдық базаны толықтыру барысында атқарылған жұмыстарды атап өтті. Қамқоршылық кеңес отырысында 2022-2023 оқу жылында оқу -тәрбие жүйесінде атқарылған өзекті мәселелері қорытындыланып, 2024 жылдың басты мақсат пен міндеттерін жариялады.