✅24.05.2024 күні №37 орта мектебінде озат оқушыларды және белсенді, түрлі сайыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, сайыс додаларында оза шауып бәйге алған өнерлі, білімді, шығармашыл, спорт сүйер оқушыларды марапаттайтын «Дарынды ұрпақ елдігімнің айғағы» атты дарынды оқушылардың салтанатты шеруі өткізілді. Оқушыларға мақтау қағаздары мен Алғыс хаттарды мектеп директоры А.С.Назиков. ардагер ұстаздар С.Құрманғазина, Қ.Есқұлова, Ж.Бекмашева, Б.Мектепова, М.Буркитова және ата-аналар комитетінің төрағасы К.Комарова тапсырды.
Білімді де дарынды жастар – еліміздің болашағы. Ақылды, әрі еңбекқор адамның алмайтын қамалы, бағындырмайтын белесі жоқ. Білім алушылардың жаңа биіктерге шығып, еліміздің дамуы мен көркеюіне үлесін қосып, халқымызды жарқын болашаққа жетелейтін шәкірттеріміздің қанаты талмасын!
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
@medetbekovameruert
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_bilim_bolimi