Ақтөбе қалалық білім
Бөлімінің басшысы
М.О.Қосымбаеваға
№ 37 орта мектебі КММ-нің
әкімшілігінен
Хабарлама
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес №37 ортамектебі КММ-сі 2023-2024 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.
«№37 орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің өтініштерін қабылдау. Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 11 мөлтек аудан №98 мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Электронды мекен-жайы: телефоны aktobe_ssh37@mail.ru 8(7132) 44-33-09
Қамқоршылық кеңес —заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган.
Қамқоршылық кеңестің мақсаты:
1) білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
2) білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
3) білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;
4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;
Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары
1) әлеуметтік-мәдени және сауықтыр ушараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;
2) тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;
3)халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;
4) білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.
Қамқоршылық кеңестің міндеттері:
- Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
- Білім беру ұйымына педагогика қызметкерлерінің және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
- Білім беру мекемесіне педагогика және басқада қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
- Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
- Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (аббаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
- Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасызету үшін бюджеттен тыс қаржы алу;
- Білім беру мекеме оқушыларының, тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасызету үшін көмек көрсету.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі ұсынысты толтыруыңыз сұралады.
Ақтөбе қалалық білім бөлімінің
басшысы М.О.Қосымбаеваға
____А.Ф.Жаветовадан_________________________
(өтініш берушініңатыжөні)
тұратын жері __Ақтөбе қаласы________________
_____Жанзакова №37_________________________
(көше,үйпәтер)
Ұсыныс
Мен__Жаветова Алмира Фаридовна №_053856880 Министерство Внутренних Дел РК ___________________(жекекуәліктіңқашан, кімменберілген)
№37 орта мектебі КММ-нің қамқоршылық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде кеңестін мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймын.
Жаветова Алмира Фаридовна
(тегі, аты-жөні)
_____________ (қолы)
«_07_»_қыркүйек_2023ж