05.03.2024ж күні 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында 6-8 сынып қыз балалары арасында “Көктем аруы-2024” байқауы өткізілді. — Мақсаты: Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, өскелең ұрпақты қоғамдық-мәдени шараларға белсене қатыстыру; — Көктем кереметтілігін көрсету арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру; — Қыз балалар бойындағы талғамын, шеберлігін, танымдылығы мен икемділігін анықтау. Байқауға 7 қыз бала қатысып, 4 бөлім бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Нәтижесі бойынша Бас жүлде- Жұмажанова Махаббат 8а сынып; орын — Жарылғас Сабина 8ә сынып; орын- Амантай Ғазиза 7а сынып; орын- Шарипова Гаухар 6а сынып; Сондай-ақ аруларымыз номинациялармен марапатталды. Құттықтаймыз
“Көктем аруы-2024”
