Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың “Әділетті Қазақстан-Адал азамат” атты екінші отырысында: …Біз ұлттық бірегейлігімізді нығайтуымыз қажет, Ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеп, ұлттық құндылықтарымызды қалыптастыруымыз керек деген болатын… Аталған мәселелерді шешуде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы әзірленді. 2023 жылы енгізілген “Біртұтас тәрбие” бағдарламасына сәйкес “Даналық” мектебінің жоспары бойынша “Ақ-әжелер” мектебінің «Әже тәрбиесі-ұлылықтың дәні» тақырыбында қалалық семинары өткізілді. Семинар қонақтарын есік алдынан көтеріңкі көңіл – күйде қарсы алып, әжелеріміз шашу шашып ыстық лебіздерін білдірді. Семинардың ашылу алғы сөзі ҚББ «Әдістемелік кабинет»КММ әдіскері Айтмағамбетов А.С және мектеп директоры Назиков А.С берілді. “Әжем салған ән қандай?”, «Ақ-әжелер» ансамблі халық әндерін орындап, мектебіміздің «Жалын» балалар театры «Ұлы даланың ұраны» атты қойылым қойып, тарихымыздан сыр шертті. “Ертегілер елінде”, “Ақ-әжелер қолөнері” бөлімдерінде әже тәрбиесінің ұлылығы көрсетілді. Ұрпақ тәрбиесінің текті қорына сүбелі үлес қосып жүрген әжелеріміз өз жұмыстарын көрсетті. Мектеп дәлізінде «Ұлттық өнер – ұлт қазынасы» тақырыбында көрме қойылып, семинар қонақтарын әжелеріміз ұлттық құндылықтармен таныстырып өтті. Мектебіміздің асыл әжелері, сырлы жеңгелер және қызғалдақ қыздарымызбен өткен «Қыз ғұмырының құпиялары» атты тағылымы мол шарада әжелеріміз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» қазақтың мақалын жете таратып айтып және де өздерінің сәндік құпияларымен яғни сәндік әшекей бұйымдардың тағылуының өз реттілік мәдениеті бар екенін ерекеше атап өтті, қызғалдақ қыздарымызға жеңгелері еркелетіп ат қойып, сәндік әшекей бұйымдарын тағып берді. Сонымен қатар әжелеріміз аспаздық құпияларымен бөлісіп ұлттық тағамдарымыздың түрлерімен таныстырды. Жент, құрт түрлерінің жасалу жолдарын көрсетті. Адам ағзасына беретін пайдасы мен ерекше қасиеттерін түсіндірді. Ұлттық тағамдарды жасау жолын әрбір қыз баланың біліп өсуі бір ғанибет. @obrazovanie_gorod_aktobe @metodcabinet_aktobe