Көрісудің басты ұғымы – өткен қыстан, жылдан аман-есен шықтық, жаңа жылға, табиғаттың жап-жасыл түске бөленіп, жасарар шағы – көктемге жеттік дегенді білдіру. Енді қиындық жоқ, адамның аузы аққа (уызға), малдың аузы көкке тиді деп адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышуы, ұлы той деген ұғым болса керек. Осы орайда 14.03.2024ж күні «№37 орта мектебі»КММ ұстаздары мен оқушылары көршілес білім ордасы М.Құрманғалиева атындағы №32 гимназия мен №9 гимназия ордасына барып, көрісу салтын өткізді. Оқушылар өзара өнерлерін ортаға салып, шара соңы ақ бата берумен аяқталды. «Наурызнама» – Қазақстандағы Наурыз Мейрамын тойлаудың жаңа форматы 14 наурыз – Көрісу күні #көрісукүні #aqtobealtynbesigim #наурызақтөбе #наурызқұттыболсын #наурызмейрамы @aqtobe_bilim_basqarmasy @obrazovanie_gorod_aktobe
Көрісудің басты ұғымы
