24.10.2023жылы 25 қазан- Республика күніне орай №37 орта мектебінің кітапханасының оқу залында “Менің Отаным- Қазақстан” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
“Республика күні» – бірқатар мемлекеттердегі республиканың таптырмас атрибуты болып табылатын мемлекеттің республика болып жарияланған немесе елдің конституциясы қабылданған күні атап өтілетін ұлттық мереке.
Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету.
Кітап көрмесі 3”Ә” сынып оқушыларына таныстырылды. Ұйымдастырушысы: Кітапхана меңгерушісі: Бисенқожа Қымбат Қайратқызы.