✅Ағымдағы жылдың 24.02.23ж күні “Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие” қалалық семинар практикум аясында 10”А” сыныбында “Баланың бас ұстазы — ата- ана” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата — ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу, отбасы құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Мектеп пен отбасы арасындағы қарым — қатынасты нығайту. Тәрбие сағаты барысында ата — аналар оқушыларға өз ақыл кеңестерін айта отырып, болашақтарының жарқын болуына өз тілектерін білдірді. #қалалықсеминарпрактикум @metodcabinet_aktobe @obrazovanie_gorod_aktobe @aqtobe_bilim_basqarmasy