Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

“№37 орта мектебі” КММ-де ағымдағы жылдың 24 ақпаны күні Ақтөбе қаласы Астана ауданына қарасты жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған “Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие” тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. Семинар бағдарламасы бойынша “Қызғалдақ” қыздар клубының орындауындағы “Еділ мен Жайық”, жас әнші Д.Әлмұраттың орындауындағы “Біз біргеміз” сияқты рухты әндерімен ашылды. ҚББ «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері- А.С.Айтбаганбетов және мектеп директоры- А.С.Назиков барша семинарға қатысушыларға жылы тілектерін білдіріп, семинар тақырыбының ауқымдылығына мән бере отырып жұмыс барысына сәттілік тіледі. Семинар барысында “Отбасы -мектеп” жобасы аясында “Әкелер”, “Аналар” мектептерінің жұмыстары көрсетілді. “Аналар””Әкелер” мектебінің ұйымдастыруымен “Баланың бас ұстазы ата-анасы” тақырыбында тәрбие сағаттары және “Әке-теңдесі жоқ өмір мектебі” шебер кластары өткізілді. Ата-ана тақырыбының тереңдігін дәлелдеу мақсатында “ Отбасы рухани құндылықтары” коучингі және “ Отбасы- бақыт аясы” сыныптан тыс шарасы ата-аналармен бірлескен сазды театрланған қойылым семинар қонақтарына ұсынылды. Соңғы түйін “Тәрбиенің ең тамаша мектебі -отбасы” рефлексиясы жүргізілді. Баланың ертеңгі күніне жауапты ата — анасы болса, білім мен тәрбие беретін мұғалім жауапкершілігі де жоғары. Отбасында өсіп, ата — ана ісін жалғайтын ұрпақтың саналы болуы үш одаққа бала -ата -ана-мектепке байланысты. Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбиеиені ұлықтайтын саналы ұрпақтарымыз көп болсын. “ӘКЕЛЕР”, “АНАЛАР” мектептерінің сапалы жұмыстарына сәттілік тілейміз. @obrazovanie_gorod_aktobe @metodcabinet_aktobe

✅Ағымдағы жылдың 24.02.23ж күні “Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие” қалалық семинар практикум аясында 10”А” сыныбында “Баланың бас ұстазы — ата- ана” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата — ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу, отбасы құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Мектеп пен отбасы арасындағы қарым — қатынасты нығайту. Тәрбие сағаты барысында ата — аналар оқушыларға өз ақыл кеңестерін айта отырып, болашақтарының жарқын болуына өз тілектерін білдірді. #қалалықсеминарпрактикум @metodcabinet_aktobe @obrazovanie_gorod_aktobe @aqtobe_bilim_basqarmasy

✅Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың “Әділетті Қазақстан-Адал азамат” атты екінші отырысында: …Біз ұлттық бірегейлігімізді нығайтуымыз қажет, Ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеп, ұлттық құндылықтарымызды қалыптастыруымыз керек деген болатын… Аталған мәселелерді шешуде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы әзірленді. 2023 жылы енгізілген “Біртұтас тәрбие” бағдарламасына сәйкес “Даналық” мектебінің жоспары бойынша “Ақ-әжелер” мектебінің «Әже тәрбиесі-ұлылықтың дәні» тақырыбында қалалық семинары өткізілді. Семинар қонақтарын есік алдынан көтеріңкі көңіл – күйде қарсы алып, әжелеріміз шашу шашып ыстық лебіздерін білдірді. Семинардың ашылу алғы сөзі ҚББ «Әдістемелік кабинет»КММ әдіскері Айтмағамбетов А.С және мектеп директоры Назиков А.С берілді. “Әжем салған ән қандай?”, «Ақ-әжелер» ансамблі халық әндерін орындап, мектебіміздің «Жалын» балалар театры «Ұлы даланың ұраны» атты қойылым қойып, тарихымыздан сыр шертті. “Ертегілер елінде”, “Ақ-әжелер қолөнері” бөлімдерінде әже тәрбиесінің ұлылығы көрсетілді. Ұрпақ тәрбиесінің текті қорына сүбелі үлес қосып жүрген әжелеріміз өз жұмыстарын көрсетті. Мектеп дәлізінде «Ұлттық өнер – ұлт қазынасы» тақырыбында көрме қойылып, семинар қонақтарын әжелеріміз ұлттық құндылықтармен таныстырып өтті. Мектебіміздің асыл әжелері, сырлы жеңгелер және қызғалдақ қыздарымызбен өткен «Қыз ғұмырының құпиялары» атты тағылымы мол шарада әжелеріміз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» қазақтың мақалын жете таратып айтып және де өздерінің сәндік құпияларымен яғни сәндік әшекей бұйымдардың тағылуының өз реттілік мәдениеті бар екенін ерекеше атап өтті, қызғалдақ қыздарымызға жеңгелері еркелетіп ат қойып, сәндік әшекей бұйымдарын тағып берді. Сонымен қатар әжелеріміз аспаздық құпияларымен бөлісіп ұлттық тағамдарымыздың түрлерімен таныстырды. Жент, құрт түрлерінің жасалу жолдарын көрсетті. Адам ағзасына беретін пайдасы мен ерекше қасиеттерін түсіндірді. Ұлттық тағамдарды жасау жолын әрбір қыз баланың біліп өсуі бір ғанибет. @obrazovanie_gorod_aktobe @metodcabinet_aktobe ⬇️⬇️⬇️