“№37 орта мектебі” КММ -де 13 ақпан күні “Төрт тоқсан — төрт өнер” жобасы аясында ұйымдастырылған “Ұлттық қолөнер” көрмесі 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты: Қазақ халкының мол қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып,халык өнерін қастерлеуге үлгі тұтуға үйрету. Көрмеге қазақи ұлттық кілемшелер, домбыра, ши, тықыр кілем, диірмен, ою-өрнектер және тағы басқа көптеген бұйымдар қойылды. Қазақ қолөнері төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Ол өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен біте қайнаскан өміршең, өнер.
“Төрт тоқсан — төрт өнер”
