Ақтөбе қаласы “№37 орта мектебі”КММ бойынша 01.09.2022жыл күні 1қыркүйек Білім күніне орай 1,9,10,11 сынып оқушыларының қатысуымен «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
«Жастар рухы» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Жаңа Қазақстан жастары үшін маңызды үш басымдық – Терең білім, Еңбекқорлық және Отаншылдық қасиетті атап өтті.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
Міндеттері:
— қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;
— білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;
— білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
— өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.
Салтанатты жиын барысында мектептің жаңа басшысы Назиков Ардақ Сырымұлы жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушыларына ыстық тілегін білдірді.
2022-2023 оқу жылы толағай табыстарға толы болсын🥳🥳🥳👏🏻👏🏻👏🏻
#bilim_quni