🔹️11 маусым күні Ақтөбе қаласының командасы “Жас Ұлан-2024” Республикалық әскери-спорттық жарысына аттанды. Республикалық “Жас Ұлан-2024” әскери-спорттық жарысы Тараз қаласында өткізіледі.
“Жас Ұлан-2024” әскери-спорттық жарысының мақсаты — жастардың Отанға деген құрметін, Қарулы Күштердің мәртебесін арттырып, олардың спорттық қабілеттерін дамыту және шығармашылығын шыңдау болып табылады. Аталған Республикалық дәрежедегі додаға Ақтөбе қаласының Ғ.Ақтаев атындағы №6 ОМГ, №30 ОМ, №37 ОМ оқушылары қатыстырылады.
Ақтөбе қаласының командасына Республикалық жарыста сәттілік тілейміз!!!
“Жас Ұлан-2024”
